Сериалдың негізгі идеясы ретінде Ахмет Байтұрсынұлының: “Бай болу үшін кәсіп қылу керек, білімді болу үшін оқу керек, күшті болу үшін бірлік керек һәм осы керектердің жолында әрекет қылу керек” деген әйгілі сөзіндегі ӘРЕКЕТ ұғымы алынып отыр. Патша заманында болсын, кеңес үкіметі орнаған тұста болсын, қызметтегі кезінде де, түрмедегі кезінде де Ахмет Байтұрсынұлының халықты ағарту жолында тоқтамай еңбектенген. Бұл сериалда ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының, оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының басынан кешкен қиын қыстау тағдыры баяндала отырып, ұлт мұраты жолында жасаған дамылсыз әркеті насихатталады.
Сериал: Драма
Авторлық құқық иесі: «Qazaqstan РТРК» АҚ
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз