Хронометраж: 20 минут; Тілі: оригинал қазақша, оригинал орысша; Мақсаты: «Бастау» бағдарламасының мақсатты аудиториясын ақпараттандыру мен насихаттау. Бағдарламаға жаңа қатысушыларды тарту.
Жобаның бизнес-тренерлері ұсынған құралдарды қолдана отырып, бизнесті құру және оны басқару бойынша әрекеттер алгоритмін талдау. Әр шығарылым мини-реалити-шоу стилінде өтеді. Онда басты кейіпкер, «Бастау» бағдарламасының қатысушысы, өз бизнесі мен оның барлық кезеңдері туралы, өзі жайлы, о баста бәрі қалай жоспарланғаны, қалай дамығаны, өткерген қиындықтары мен арманы, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған кәсіпкер мемлекеттік грантқа қалай ие болғаны туралы айтып береді. Осы уақытта, синхрон түрінде, бизнес-жаттықтырушы бұл оқиғаны талдап, оған грантты не үшін берілгенін, іріктеудің критерийлері туралы ашық айтады. Ең бастысы – кейіпкер, кәсіпкерлердің қателіктерін көрсетіп, олардан аулақ болу үшін не істеу керектігіне жауап береді. Бизнес-тренер ұсынған жәйттарды көрермен жақсы түсіну үшін барлығы да графикалық түрде суреттеледі.Бұл тәсіл «Бастау» бағдарламасының егжей-тегжейін барынша ашық хабарлауға, сондай -ақ бизнес туралы негізгі қажетті білімді алуға мүмкіндік береді. Жасанды түсірілім (кәсіпкердің жұмыс орнына барып, оқиғаны жаңғырту) басты кейіпкерлердің оқиғасын суреттейді. Ал спикерлердің бейнекамера алдында ашық сөйлеу мақсатты аудиторияның «Бастау» бағдарламасы мен жалпы, «Атамекен» ҚР ҰКП жұмысына сенімін арттырады.
Деректі фильм: Деректі фильмдер циклы
Авторлық құқық иесі: «MEDIAHOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» ЖШС
Click to order
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Total:
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз