Қызыл жебе

Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны және оның қазіргі қазақ мемлекетін құруға қатысуы туралы телехикая. Бұл – мемлекет қайраткері өмірінің көрінісі ғана емес, өткен ғасырдың орта шеніндегі бүкіл қазақ зиялыларының бейнесі. Жобаның мақсаты – Отанымыздың ең күрделі тарихи кезеңдерінің бірінде өмір сүрген, жасампаз, жарқын, дана тұлғаны көрсету. Фильм отандастардың патриоттық, мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталған. Тұрара Рысқұлов Орталық Азия республикаларының, Ресей Федерациясы мен Моңғолияның экономикасының қайта құрылуына үлкен үлес қосты. Оның бастамасымен Қазақстанда Түркістан-Сібір темір жолы салынды, қуатты индустриялық орталықтар — Қарағандының көмір өндіруші және металлургиялық кешендері, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның түсті металлургиясы, Батыс Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі пайда болды.

Сериал: Байопик

Авторлық құқық иесі: «Almaty» Телерадиокомпаниясы» АҚ