Бастау

Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесін ашуға бағытталған деректі фильм. "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" формуласы аясында қаланың қарапайым тұрғындары, зиялы қауым өкілдері тарихи сәттерге тоқталып, өздерінің жүрекжарды тілектері, пікірімен бөліседі. Жастан жасамысқа дейін өз құрметін жеткізеді. Еліміздегі маңызды оқиғалардың бәрі Алматы қаласында өтті, мемлекеттік модельдің іргетасы осы шаһарда қаланды, Елбасының ұлы мұраттарының бәрі Алматыдан басталды. Ал одан кейінгі ілкімді істерге Алматының қолдағаны, анасындай қамқор болғаны сипатталады.

Деректі фильм: Деректі фильм

Авторлық құқық иесі: «Almaty» Телерадиокомпаниясы» АҚ