Миллиондаған тыңдарманды тәнті еткен өнерпаздың жеке кешіне 35 мың адам жиналды. Кеш билеттерін әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман сатып алған. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия сынды алыс мемлекеттердің тыңдармандары бар. Концерт сценарийінде 27 ән қамтылған. Кешке 1200 метр матадан 150 сахналық костюм тігілді. Жоғары деңгейдегі қойылымдық нөмірлер үшін балет труппасына халықаралық алаңдарда өнер көрсетіп жүрген қазақстандық ең үздік бишілер мен акробаттар тартылды. Ауқымды шараның негізгі қонағы ресейлі танымал композитор Игорь Крутой болды.
Басқалар: Концерт
Авторлық құқық иесі: «Qazaqstan РТРК» АҚ
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз