Мұзбалақ

Турдыбек Майдан, Тлек Толеугазы, толықметрлі анимациялық фильм, 2018

Ерте заманда қара ниетті Шегірдің кесірінен жер астындағы абжылан оянып, жер бетіне шығады. Абжылан қазақ ауылын отқа орап, қарсы келгенді жалмап, ел ішіне үрей туғызады. Сол сәтте балапанына қауіп төнгенін сезген ана бүркіт абжыланмен айқасып,оны жер астындағы мекеніне қуып тығады. Ал бүркіт отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Адам жұтып дәніккен абжылан күн тұтылғанда алып айдаһарға айналып жер бетіне шығатынын білген ауыл адамдары, айдаһарды тек қыран бүркіт қана жеңе алатынын түсініп іздеуге аттанады.Бітімі бөлек қас қыран - Мұзбалақты Ақтай мен Шегір іздеп табады.Бірақ тоғышар Шегір мен ақылды, ақ жүрек Ақтай арасында қыранды баптау туралы екі түрлі көзқарас туындайды. Мұзбалақтың жан дүниесін түсініп,тілін тапқан Ақтай Мұзбалаққа еркіндік сыйлап, онымен адал дос болуға серттеседі. Соңында Ақтай мен Мұзбалақ алып күш иесі айдаһарды жеңіп,Шегірді жазалап, қазақ ауылын қара күштен құтқарып қалады.

Жыл: 2018
Тілі: қазақ

Балалар үшін: Анимациялық фильм

Авторлық құқық иесі: «Қазақфильм» АҚ