Ұлы дала жанұясы

«Ұлы дала жанұясы»

Телехикая күнделікті тұрмыс қарекетіне әбден шырмалған жас отбасының тарихы туралы баяндайды. Руслан мен Айнұр ақыры 7-20-25 бағдарламасы бойынша екі бөлмелі пәтер сатып алып, Русланның атаанасынан бөлек тұрады. Күтпеген жерден Руслан жұмыстан шығып қалады. Біраз уақыт жасырып жүргенімен, несиені төлеу уақыты келгенде, әйеліне «жұмыстан шығу оқиғасын» айтып беруге мәжбүр болады. Көңілі жабырқап, жасып қалған Русланнан айырмашылығы, Айнұр бастаманы өз қолына алып, жұмыс тауып алады. Қалыптасқан жағдайға байланысты ерлі-зайыптылардың рольдері ауысады. Жұмыссыз үйде отырған Русланның үй шаруасымен айналысуына тура келеді, ал Айнұр ақша табады. Несиені төлеу үшін жұмысты қайдан табады? Отбасын қалай асырайды? Руслан әбден дал болады. Шексіз махаббат туралы антсу ішкендеріне қарамастан, ерлі-зайыптылардың арақатынасы бұзыла бастайды. Олардың осы қиын жағдайдан қалай жол тауып шығатынын біздің телехикаямыз баяндайды!

Сериал: Комедиялық сериал

Авторлық құқық иесі: «Эра» телекомпаниясы» ЖШС («Жетінші Арна»)

Click to order
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Total: 
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз
Сіздің есіміңіз
Сіздің email
Телефоныңыз