Бастық боламын

24 жасар алматылық жас жігіт «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуын табысты тәмамдаған соң мемлекеттік қызметкер мансабы туралы армандайды. Қызыл дипломы мен әжептәуір инновациялық білімі бар жас жігіт «Б корпусына» жұмысқа орналасу үшін қазақшылық жолымен өзінің туысқан ағасына келеді. Ағасы қолын сілтеп, бар болғаны Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Жоламан ауылдық округінің әкімдігіне жолдаманы көрсетеді. Ерланның бастан кешкен шытырман оқиғалары дәл осы жерде өрбиді. Көзі ашық қаланың жігіті ауыл өмірінің болмысымен бетпе-бет келіп, көптеген күлкілі жағдайларға тап болады.

Сериал: Комедиялық сериал

Авторлық құқық иесі: «Эра» телекомпаниясы» ЖШС («Жетінші Арна»)