Тамада жігіт Арманның той бизнесі жүрмей, түрлі қиындықтарға кез болады. Әйелі төркініне кетіп қалғандықтан, артынан барып ауылда уақытша тұрақтап қалады. Сол ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, алғашында «күйеубала» жақтырмаған мен, кейіннен қайын жұрты өз баласындай көріп кетеді. Оған себеп Арман барлық адамға болысып, қашанда көмектесіп жүреді. Ауыл тұрғындарының алғысына бөленген күйеу бала Арман, хикаяның соңында өзінің орыны қаланың жылтырақ өмірі емес, тамыры ауылда екенін, ақжарқын ағайынның арасында жүргеннен артық бақыт жоқ екенін түсінеді. «Ауылда тұрамын деп шештім, қайын жұртқа қонаққа келіп тұрамын!» деген Арман өз кіндік қаны тамған туған ауылын бетке алады.
Сериал: Комедиялық сериал
Авторлық құқық иесі: «Qazaqstan РТРК» АҚ
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз