«Я-шопоголик» (Мен шопоголикпін) – ең стильді ойын-сауық бағдарламасы. Дүкенқұмарлық тіпті де жағымсыз әдет емес, қайта қомақты қаржыны ұтып алу мүмкіндігі. Жобаның үш қатысушысы үш сағат ішінде белгілі бір ақша сомасына сәнді киім сатып алады. Алынған киімдердің сән ережелеріне сәйкес келетінкелмейтінін жетекші сән сарапшылары: сән журналдарының редакторлары, сәнгерлер, дизайншылар, фотографтар және модельдер бағалайды. Қатысушылар сәнді киімді сән стильшілерінің көмегінсіз таңдайды. Әр бейне — сән индустриясындағы кәсіби мамандардың емес, бағдарлама кейіпкерлерінің өз қиялдары мен талғамдарының жемісі. Бұл міндеттің қиындығы — сән ережелеріне сәйкес келіп қана қоймай, сонымен қатар, бекітілген тақырып аясында киімді қарсыласыңа таңдап, оның көңілінен шығуда.
Басқалар: Ойын-сауық бағдарламасы
Авторлық құқық иесі: «Эра» телекомпаниясы» ЖШС («Жетінші Арна»)
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз