Страсти у плиты (Плитаның жанындағы құштарлық)

«Страсти у плиты» (Плитаның жанындағы құштарлық) аспаздық шоуы – кезекті тамақ туралы бағдарлама емес, бұл – романтикалық қарым-қатынас орнатудың тәсілі. Бір ас үйде үш қатысушы қатар тұрып, өз тағдырын жолықтыру үмітімен кездесуге баратын жас жігіттің сүйікті тағамдарын дайындайды. Шоудың мәні – қатысушылардың аспаздық таланттарын танытуда ғана емес, олар өмірлік жары болуы мүмкін адамның жүрегіне жол табу үшін ас үйде бар өнерлерін салады. Өз мақсаттарына қол жеткізу үшін сүйкімді бикелер кез келген қулыққа баруға немесе керісінше өзінің барлық таланттары мен жан сұлулығын көрсетуге дайын болады. Әлеуетті қалыңдықты таңдауда күйеу жігітке анасы көмекке келеді, ол тамақ дайындау барысын қыздардан жасырын, сырттай бақылап отырады.

Басқалар: Аспаздық шоу

Авторлық құқық иесі: «Эра» телекомпаниясы» ЖШС («Жетінші Арна»)