Драма, 16x42 мин Шығарылған жылы: 2018 Режиссері: Нургиса Алмурат
Телехикаяның басты кейіпкерлері – 30 жасқа келген, балалар үйінде өскен Дарын, Ержан және Сәбит. Балалар жастайынан «мәңгі біргеміз» деп өскен және үйшеуінің де алғашқы махаббаты Айша есімді қыз болып еді. Балалар ер жетіп, әрқайсысы өз жолымен кетіп, балалық достықты ұмытты. Бірақ барлығын Айшаның қалаға келді деген жаңалығы біріктіреді. Алайда Айшаның орнына олар оның анасы мен Шынар есімді кішкентай қызды кездестіреді. Көп ұзамай олар Айшаның қайтыс болғанын естіп, Шынарға бұрынғы балалық үш досының біреуін қамқоршы етіп таңдауын сұрайды. Бұл жаңалықты естіген және бұндай жауапкершілікке дайын болмаған үш дос, қамқоршы болуға келмейтінін дәлелдеу үшін әр түрлі себептер айтады. Бірақ, әжесінің денсаулығы күрт нашарлауының салдарынан олар Шынарға кезек-кезек қарауға мәжбүр болады. Кішкентай қыз өз сүйіспеншілігі мен мейірімділігімен үш достың жүрегін жаулап алады. Үшеуі де Шынарға бауыр басқан соң, оның қамқоршысы кім болады?
Сериал: Драма
Авторлық құқық иесі: «Qazaqstan РТРК» АҚ
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз