Алматыда тұрғын үйдің бір подъезі карантинге жабылды. Алаңсыз жүрген тұрғындар 2 апта изоляцияда болатынын естиді. Елестетіп көріңізші, үй тонауға келген ұрылар мен полиция қызметкері, мәслихат депутаты мен билікке ренжулі әжей 14 күн бойы бір пәтерде тұрмақ. Бұлардан бөлек, вегетариан отбасына ауылдан болашақ құдалары қонаққа келді. Еті жоқ асты ауқат санамайтын ауылдық құдалар қайтпек? Ажырасуға шешім қабылдаған жас жұбайлар 14 күнде қайта тіл табысып кете ме? Көрерменге «Тек қана қыздар» сериалы арқылы таныс құрбылар жатақханадан жалығып, пәтер жалдаған еді. Оларды қандай қызықтар күтіп тұр?
Сериал: Комедиялық сериал
Авторлық құқық иесі: «Эра» телекомпаниясы» ЖШС («Жетінші Арна»)
Click to order
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Total:
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз