«Q-елі» танымал жобасының youtube желісінде рекордтық қаралым санын жинаған және сөз орамдары ел арасында қанатты сөздер боп тарап кеткен спиноффы. «Тақиялы періште» кинофильміндегі басты кейіпкер әйел: «Еркекке жалғыз өмір сүруге болмайды, оның қасында анасы, жоқ дегенде әйелі болуы тиіс», – деп пайымдайды. Біздің жағдаяттық комедиямыздағы басты кейіпкер әйел қасында анасы да, әйелі де бар адам тіпті де бақытты деп есептейді. Бірақ бұл – тек анасының ғана ойы. Жағдаяттық комедияның бірінші маусымы Тайлақтың үйленуінен басталады. Жас келіннің адуын енесімен, ынжық атасымен және аңғалақ күйеуімен бірге тұруына тура келеді. Телехикаяның екінші маусымы Тайлақтың әйелін алып, біліктілігін арттыру үшін жарты жылға Америкаға кетуінен басталады. Өмір бойы біреу үшін өмір сүріп келген ата-анасы бұған риза болып, ең болмағанда жарты жыл өздері үшін өмір сүрмек болады. Күтпеген жерден олардың үйлеріне қызы мен күйеу баласы сап ете қалады. Олар қаржылық қиындыққа тап болғандықтан, ата-анасымен уақытша бірге тұруға сұранады, бірақ олар ата-енесінің қолында тұрған күйеу бала «күшік күйеу» болатынын ойламады.
Сериал: Комедиялық сериал
Авторлық құқық иесі: «Эра» телекомпаниясы» ЖШС («Жетінші Арна»)
Click to order
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Total:
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз