Роликте шаһарда пайда болған жаңа демалыс аймақтары, қалпына келтірілген су бұрқақтар, ерекше стилде абаттандырылған скверлер мен саябақтар қамтылған. Тұңғыш Президент паркі, қалалықтар демалып, спортпен айналысатын Медеу ауданындағы «Терренкур» жаяу жүргіншілер аймағы, Түрксіб ауданындағы «Желтоқсан» саябағы және басқа да жаңадан салынған арнайы қоғамдық орындар бар. Бейнеролик алматылықтардың сағыныш әніне айналған қазақ өнерінің шоқ жұлдыздары Е. Серкебаев, Е. Хасанғалиев, Л. Кесоглу және т.б. майталмандардың Алматы туралы ретро - шығармаларының негізінде жаңа стилде жасалған музыкалық әрлеу арқылы көрерменге ұсынылып отыр.
Басқалар: Қала күніне арналған бейне ролик
Авторлық құқық иесі: «Almaty» Телерадиокомпаниясы» АҚ
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз