Хабар тарату тілі: казақша/ орыс тілдегі субтитрлармен/
Өмірбековтердің үлкен үйі әлдеқашан қаңырап бос қалған. Отағасы Қасым Өмірбековтің ұлдары – астаналық шенеунік Самат пен іскер медиа-менеджер Ержанды татуластырам деген әрекетінен түк шықпады. Ағайындылар бір-бірімен тілдесуден қалған. Отағасының кенеттен бақилық болуы бәрін әке үйіне жиналуға мәжбүрледі. Самат пен келіншегі Айгүлді, олардың балаларын, Ержан мен оның қалыңдығын бұл үйге келтірген әкеге деген сүйіспеншілік емес, әрине. Туысқандардың барлығы шалғайдағы қаланың бұрынғы әкімінен қалған мол мирастан өз үлесін алып қалғысы келеді. Бәрі жерлеу рәсімінен кейін Қасымның сенімді өкілі Олжастың өсиетнаманы жариялайтын сәтті күтуде. Бірақ нотариус Қасым Өмірбековтің соңғы тілегін айтып үлгермейді. Оның жансыз денесін табады. Ал өсиет жазулы конверт бос. Енді үлкен әулеттің мүшелері тергеу аяқталғанға дейін қаладан кетпеуі тиіс. Отбасы мүшелері жасырған құпия деректер бірінен соң бірі ашыла бастайды. Алдау-арбау, ұрыс-керіс, қитұрқы айла, ескі ғашықтар хикаясы, құбылмалы мәміле. Өмірбековтер үйіндегі сырдың бәрі ашылады. Күдіктілер қатарына үй қызметшілері де ілігеді. Үй күтуші мен бағбанның да қатысы болуы мүмкін. Көрермен қауым мен тергеуші Нияз «Нотариустың өлімінің арқасында кім тұр және өсиетнамада не деп жазылған?»дейтін ең басты сауалға жауап іздейді.
Сериал: Драма
Авторлық құқық иесі: «Коммерциялық Телевизиялық Канал» АҚ
Click to order
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Total:
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз