НяняMEN

Елордаға жұмыс іздеп келген Ғабит ауқатты кәсіпкердің үйіне күзетші болып орналасады. Сөзі де, ісі де дөрекі күзетшіні үй иесінің еркетотай ұлы Расул ұната қоймайды. Осы кезде өгей шеше теңіз жағасындағы демалысқа Расулсыз баруды ұйғарып, оны үй қызметкері Айжанға қалдырады. Үй иелері демалысқа кеткен бойда, Айжан анасының сырқаттанып қалғаны туралы хабар естиді. Амал жоқ, балаға бас-көз болуды күзетшіге тапсырады. Туған анасын сағынған 8 жасар бала мен ауыл жігіті арасындағы қарым-қатынас қалай өрбиді, текетірес соңы достыққа ұласа ма? Ситкомның әр эпизодында қарапайым күзетші мен пысық балақайдың зәулім сарайдағы хикаялары баяндалған

Сериал: Комедиялық сериал

Авторлық құқық иесі: «Эра» телекомпаниясы» ЖШС («Жетінші Арна»)