ТОЙLike

Реалити-шоудың басты ерекшелігі – қазақтан шыққан америкалық жігіт Қазақстанға келеді. Өзінің халқы, дәстүрлері, ділі туралы ештеңе білмейтін Дами қазақ халқының мәдениетімен және тұрмысымен жақынырақ танысу үшін достарымен бірге еліміздің түкпір-түкпіріне сапар шегеді. Қазақ халқының дәстүрлерін зерттеу жолында кейіпкеріміз достарымен бірге бүкіл Қазақстанды аралайды. Сапар барысында Дами ара-тұра күлкілі және ыңғайсыз жағдайларға душар болады, жергілікті ерекшеліктерді білмегендіктен, көпшіліктің назарында болады. Кейіпкеріміз әр аймақтың дәстүрлерімен, тағамдарымен және әдет-ғұрыптарымен жеке-жеке танысады, сол арқылы «Жетінші арнаның» әрбір көрерменіне өз елінің – қазіргі Қазақстанның жаңа қырларын аша түседі.

Басқалар: Реалити шоу

Авторлық құқық иесі: «Эра» телекомпаниясы» ЖШС («Жетінші Арна»)