Ата-ана. Бала-шаға

Комедиялық хикая сюжетінің ортасында – кезінде өздері ала алмаған лайықты білімді балаларына беру үшін Қордай ауылынан Алматы мегаполисіне көшуге бел байлаған ерлі-зайыпты Талғат пен Ләззат. Бұл жыл отбасына оңайға соқпайды – жаңа қала, бейтаныс адамдар оларды біраз әуре-сарсаңға салады, ал бұл, өз кезегінде, көптеген күлкілі және қызықты жағдайларға алып келеді. Кейде отбасы мүшелеріне тіл табысу қиынға соғады, бірақ отбасы бір-біріне деген сүйіспеншіліктерінің арқасында кез келген жанжалдан жоғары болып шығады.

Сериал: Комедиялық сериал

Авторлық құқық иесі: «Эра» телекомпаниясы» ЖШС («Жетінші Арна»)