Айнымас Айғаным

Драма, 20х42 мин
Шығарылған жылы: 2020
Режиссері: Ботагөз Кенішбай

Айғаным – жұбайы көлік апатынан қаза тапқан соң, үш қызын жалғыз өзі өсіріп отырған жесір келіншек. Ол бірнеше жерде жұмыс істесе де айлығын шайлығына жеткізе алмай қиналады. Бірде кіші қызы Анар көшеден сәбиді тауып алады, осыдан соң олардың өмірі күрт өзгереді. Қыздары Айғанымға сәбиді үйде қалдыруды, оны кіші інілері ретінде қабылдайтынын айтады. Айғаным тағы бір баланы бағуға шамасы келмейтінін сезіп, бұған үзілді-кесілді қарсы болады. Алайда қыздары бейкүнә сәбиге Ақжол деп ат қояды. Баланы ресми түрде асырап алу үшін, Айғаным қыздарының мұғалімі Дастанға жалған тұрмысқа шығады. Дастанның анасы Бибігүл бұған қарсы болады. Баланы асырап алумен жүргенде, Дастан мен Айғаным бір-біріне ғашық болып қалады. Осылайша, кішкентай Ақжолдың арқасында, бақытты отбасы шаңырақ көтереді.

Сериал: Драма

Авторлық құқық иесі: «Qazaqstan РТРК» АҚ