Композитор

Шерзат Яқұб, Сәбит Құрманбеков, биографиялық драма, 2019

Көркем фильм қытайлық композитор Сянь Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды.

Сянь Синхай қысқа ғұмырында 500-ден астам тамаша әуендер жазған, сондай-ақ ол 10-ға жуық кинофильмдер музыкасының авторы. Алматыда өткізген жылдары ол «Ұлт азаттығы» симфониясын жазған. Азаттық пен отанға деген адалдықты жырлап, зорлық-зомбылық пен соғысқа қарсы бағытталған Сянь Синхайдың шығармаларынан отанға деген махаббатын аңғаруға болады.

Өндіруші: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Shinework Pictures (ҚХР)
Жыл: 2019

Көркем фильм: Биографиялық драма

Авторлық құқық иесі: «Қазақфильм» АҚ