Тик-Ток Хаус

Кэш дейтін жас продюсер өзін серіктестері алдап кетіп, әйелі тастап кеткен соң дымсыз қалады. Ұзаққа созылған депрессиядан кейін ол ва-банкке барып, ТикТок хаус құру жөнінде шешімге келеді. Бүкіл қазақстандық нарықты зерттей келе, ол жаңадан бастап келе жатқан тиктокерлерден өз командасын жинайды. Қатысушылардың әрқайсысы өзінше бірегей. Олар бірлесіп, сүйікті ісімен айналысқан кезде, дүниедегінің бәрін ұмытып кетеді. Өз хаустарын құрып, танымал болғаннан кейін олар бұған қоса жеке мәселелерін шешуге кіріседі, дәл осы кезде олар жаңа кедергілерге тап болады, сөйтсе бұлармен бәсекелес ХАУС бар екен. Олар бір-біріне кедергі келтіріп, бірін бірі аяқтан шалумен болады, фейк оқиғалар жасап салады, сөйтіп жанкүйерлерді өздеріне жинап алады. Бірақ команда продюсерлері белгілі бір мерзімге бәс тігеді. Мерзімнің соңында кім көп жазылушылар жинаса, сол қалатын болып келіседі. Жеңілген команда ТикТоктан кетуі керек. Енді олардың алдында жаңа мақсат тұр. Осынау өздері үшін аса маңызды бәсте қалайда жеңіп шығуы қажет.

Сериал: Ситуациялық комедия

Авторлық құқық иесі: «Almaty» Телерадиокомпаниясы» АҚ

Click to order
Құқық иесінің байланыс мәліметтерін алыңыз
Total: 
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Барлық байланыс мәліметтерін Сіздің поштаңызға жолдаймыз
Сіздің есіміңіз
Сіздің email
Телефоныңыз