Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
MEDIA
POWER
2023
ТЕНДЕНЦИЯЛАР
ӨЗГЕРІСТЕР
ЭТИКА
20-22 ҚЫРКҮЙЕК
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
MEDIA
POWER
2023
ТЕНДЕНЦИЯЛАР
ӨЗГЕРІСТЕР
ЭТИКА
20-22 ҚЫРКҮЙЕК
ASTANA MEDIA WEEK 2022 - 26, 27, 28 қазан аралығында "Қазмедиа орталығы" ғимаратында өтеді.

Биылғы медиа аптаның назарында үш негізгі құндылық бар: жаңа уақыттағы сенім, кәсібилік және үздіксіз даму.

Алты жыл бойы еліміздің бас медиа коммуникациялық алаңында өзекті мәселелерді талқылау, байланыстар орнату, алдағы медиа жыл идеяларын таныстыру және болашақ трендтері бойынша бағыт бағдар беру үшін ведомство басшылары мен халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары кездеседі.

2022 жылдың БАСТЫ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

ЖАҢА ДӘУІР - ЖАҢА МЕДИА
NEW AGE - NEW MEDIA
2022 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ КІЛТТІ ХАБАРЛАМАЛАР:
2022
Концепция

Қазіргі жағдайда барлық салалар қарқынды өзгеруде, бұқаралық ақпарат құралдары да бұдан тыс емес. Бұл үздіксіз үрдіс. Технологиялық прогресс, Метағаламның даму ықпалы, соның арқасында жаңа платформалар, байланыс құралдары және хабарламаларды беру тәсілдері де пайда болуда.

Жаңа технологиялар әр-түрлі форматты таңдауға мүмкіндік береді. Радио тыңдаумен қатар, адамдар тақырыптық подкасттарды көбірек таңдайды, теледидар бағдарламаларын көру YouTube бейнелерін көрумен бірге қатарлас жүреді.

Алаңдар дистрибуция үшін қол жетімді және пайдаланушыларға ыңғайлы болып келе жатыр. Мазмұнға деген сұраныс қана емес, оның ұсынысы да артып келеді. Медиа нарықтың үлкеюіне байланысты аудиторияның да мінез-құлқы өзгертуде. Осыған орай барлығымыз жаңа шындыққа бейімделуіміз керек.

Қазақстандық БАҚ әлемдік БАҚ-тың бір бөлігі бола отыра, интеграциялану мүмкіндігіне ие болды. Media Week осы идеяны дамытып отыр.

Аптаның жеке медиа тақырыбы "Meta" болады.

Метағалам - бұл цифрлық шындық, 3D виртуалды әлем, онда миллиондаған адамдар интернетте кездеседі және миллиондаған виртуалды кеңістіктерде өзара әрекеттеседі.

Метағалам интернет дамуының келесі кезеңі деп болжануда. Онда виртуалды шындық (VR), толықтырылған шындық (AR) және кеңейтілген шындық (XR) біздің әлеммен біріктіріледі деп болжануда. Қазіргі кездегі барлық технологиялар Метағаламның ішінде қамтылған.

Әрине, өтпелі кезеңді пандемия жеделдетті. Цифрлық платформалар онлайн іс-шаралардан бастап жұмыс сұхбаттарына дейін әртүрлі кездесулер өткізу үшін қолданылды. Мета дамуы БАҚ-қа қалай әсер етеді? Медиа үшін қандай артықшылықтары бар?
адами капиталды дамыту арқылы адамға бағдарлану
елдегі халықтың бірегейлігіне негізделген бәсекеге қабілетті медиаконтент
жаңа жұртшылық пен көкжиектер үшін мазмұнды жаңа платформалар мен алаңдардан тарату
халықаралық медиа қауымдастықпен интеграция - коммуникациялар мейлінше сергек болу құралы ретінде
жаңа эмоцияларды шақыру және көрерменнің үмітін алдын - ала ақтау -медианың жаңа қырлары ретінде
метағалам-жаңа болашақтың іргетасындағы кірпіші ретінде
ASTANA MEDIA WEEK: бұл бұқаралық ақпарат құралдарының, медиа және мәдениеттің үздік қайраткерлерінің, билік өкілдері мен шығармашылық кәсіби мамандардың ашық диалогына арналған кеңістік. Дәл осы жерде стендтік баяндамалар айтылады, қызықты тақырыптар бойынша ең маңызды зерттеулер мен пікірталастар өткізіледі.

AMW негізгі аудиториясы - ірі отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, жарнама және медиа агенттіктер/өндіріс, сарапшылар, пікір көшбасшылары, оқытушылар мен студенттер.
Astana Media Week-2021 екі күнде өтті. Іс-шаралар онлайн және офлайн алаңдарда да өткізілді. Медиаапталыққа беделді әлемдік БАҚ топ-менеджерлері, мемлекеттік аппарат өкілдері, белгілі журналистер, документалистер мен блогерлер АҚШ, Австрия, Швейцария, Украина, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты мемлекеттерден қатысқан болатын.

Интернет көрермендері медиаапталығының ресми сайтында astanamediaweek.kz көрсетілген дөңгелек үстелдерге, конференцияларға, панельдік пікірталастарға және шеберлік-класстарға қосыла алды.
«AMW» барысында алғаш рет өткен Formats Day барысында, әлемнің жетекші дистрибьюторлары өздерінің үздік өнімдерінің тұсаукесерін өткізді. Astana Media Week-2021 аясында «Біз біргеміз!» әлеуметтік бейнероликтер сценарийлерінің питчингі өтті. Іс-шараны «Хабар «Агенттігі» АҚ ұйымдастырды. Ал болашақ сериалдардың сценарийлері «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған питчинг барысында талқыланды. Мұнда отандық продакшн-студиялардың өкілдері 2022 жылға арналған жаңа сериалдарға арналған идеялар мен ұсыныстарды таныстырды.
2021
Екі күн ішінде «Astana Media Week-2021» трансляцияларын 10 мыңнан астам адам тамашалады. Көрсетілімдерге Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, АҚШ, Түркия, Беларусь, Ирландия, БАӘ, Франция, Испания, Грузия, Чехия, Эстония елдерінің көрермендері қосылды. 25-34 жастағы аудитория көпшілікке ие болды - 49%. Медиаапталықта онлайн және офлайн форматта Қазақстан, Швейцария, Австрия, Қырғызстан, АҚШ, Ұлыбритания, Ресейден 70 спикер қатысты. Шеберлік класстарын 12 автор ұсынды.
Astana Media Week төртінші медиа апталығы 2020 жылдың 11-13 қарашасында өтті. Іс-шара astanamediaweek.kz. ресми ресурсында онлайн-форматта ұйымдастырылды
Контентті трансляциялау кезінде, оқиға аясында VizRT.нақты уақыт режимінде үш өлшемді графиканы визуализациялау технологиясын қолдана отырып, Zoom конференц-платформаларының форматы алғаш рет қолданылды. Жасалған студияның мүмкіндіктері онлайн-режимде спикерлер проекцияланған виртуалды LED-экрандарды біріктіруге мүмкіндік берді. Модератор студияда бола тұрып, интерактивті қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараның бұл форматы географияны кеңейтуге және халықаралық қамтуға шығуға мүмкіндік берді.
2020
Әлемнің 16 елінен 1500-ге жуық қатысушы сайтта тіркеуден өтті. Үш күн ішінде трансляция 10 000-нан астам «AMW» қарауын жинады. Статистика көрсеткендей, ең кең жас санаты 18 жастан 34 жасқа дейінгі аудитория болды - пайдаланушылардың 63%.
Онлайн-режимде АҚШ, Ресей, Норвегия, Сауд Арабиясы, Австралия және басқа да мемлекеттердің 60 спикерімен бейнебайланыс жүргізілді. Үш күн бойы үздіксіз «телекөпірлер» жүргізіліп, контенттің орыс және қазақ тілдеріне ілеспе аудармасы жүзеге асырылды.
Сайтта орналастырылған HD форматындағы ондаған сағаттық бейнелер және Facebook, YouTube әлеуметтік желілеріндегі стримдер - мұның бәрі теледидар технологияларын қолдана отырып, шындап digital - іс-шарасын бірінші болып жасауға мүмкіндік берді. Бұл медианың өзгеретінін және мультиплатформаның қазіргі заманғы трансмедиялық жобаларда жетекші рөл атқаратынын дәлелдейді.
2019 жылғы 11-13 қыркүйекте «Қазмедиа орталығында» Орталық Азия аумағындағы ең ірі медиаоқиға - ASTANA MEDIA WEEK өтті!
Astana Media Week-тің негізгі мақсаты – отандық медиа саланы дамыту және өңірлік деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды ілгерілету.
2019
Іс-шаралар бағдарламасында:
панельдік пікірталастар (бірінші күні сериалдық өнімді дамыту және өндіру тақырыбы және оған байланысты салықтық преференциялар, кинопрокат шарттары, контенттік мазмұн, кино-өнімнің креативтілік деңгейі және демеушілер үшін оның тартымдылығы бойынша мәселелер талқыланды)
продакшн-студиялар мен ТВ дистрибьюторларының қатысуымен контент-маркет (20-дан астам компания)
баспасөз қызметі мен квазимемлекеттік сектор өкілдеріне арналған семинарлар
Медиааптаның соңғы күні медиа-контент трендтеріне: интерактивті сторителлингке, видео-контент эволюциясына, оның бейімделуіне, монетизациялауға арналды. Медиа тұтынудың жаңа үлгілері өнім мазмұнын қалай өзгертетіні, цифрлық медиа мониторингі және сараптамасы, «қазақ тілді Youtube» туралы айтылды.

Қатысушы елдер: Қазақстан, Ресей, Украина, Польша, Швеция, Түркия, Өзбекстан, Қытай, Үндістан.
продюсерлер мен бағдарламалық директорлардың продакшн-компанияларға арналған ашық воркшоптары, шеберлік сыныптар
БАҚ қолдау қорының «TREND ZONE: қазір уақыт» коммуникативтік алаңы (журналистер, пиар-кеңесшілер, дипломаттар, ғалымдар, баспагерлер, педагогтар мен кредиторлардың қатысуымен воркшоптар мен медиа-дәрісханалар).
БАҚ қолдау қорынан «максималды репост» Media talks бейресми конференциясы
AMW аясында Қазақстандағы алғашқы жарнамалық конференция – «ADTribune - Азияның жарнамалық дауысы»
Өңірлік БАҚ форумы
«Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігі» АҚ жаңа телевизиялық маусымының тұсаукесері»
жабық кинокөрсетілім және т.б.
Қазақстандық Astana Media Week медиаапталығы - бұл кең ауқымды салалық іс-шаралар сериясы, жыл сайын өткізілетін Орталық Азия аумағындағы ірі медиаоқиға.
Astana Media Week 2018 негізгі мақсаты — отандық медиасаланы дамыту және өңірлік деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды ілгерілету. 2018 жылы AMW шарасына екі мыңнан астам қонақ келді. 50-ден астам продакшн-компания таныстырылды және медиа-индустрияның 60 отандық және шетелдік топ-менеджері қатысты.
2018
Astana Media Week 2018 екінші күні Қазақстанның өңірлік БАҚ форумы өтті. Шара барысында ұлттық БАҚ баспасөз нарығын дамытудың аса өткір мәселелері, жаңа конвергентті нысандарға көшу кезеңіндегі қиындықтар мен мүмкіндіктер талқыланды.
«Astana Media Week» медиаапталығының бірінші күні медиа-контентке тапсырыс берушілер, ірі телевизиялық және радио-компаниялар, сондай-ақ жеке өндіріс нарығының өкілдері: продакшн-студиялар, шығармашылық ұжымдар, продюсерлік орталықтар, ақпарат, медиа-ойын-сауық, музыка және кино саласындағы авторлық жобалар арасында тиімді диалог алаңын құруға арналды.
Медиаапталықтың үшінші күні кең ауқымды мәселелер бойынша, оның ішінде цифрлық экономикадағы бос нишаларды іздеу, интернет жарнама және т.б. өзекті мәселелер бойынша халықаралық деңгейдегі спикерлер баяндама жасаған Astana Digital Forum ұйымдастырылды.

Түстен кейін Salem Social Media вайнерлермен және интернет-маркетологтармен бірлесіп, жобаларды және оларды дамыту тетіктерін талқылады.
2017 жылғы 4-6 қазанда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі басымдықтарын орындау мақсатында ел тарихында тұңғыш рет қазақстандық Astana Media Week медиа апталығы өтті.
Astana Media Week 2017 негізгі мақсаты – отандық медиасаланы дамыту және өңірлік деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды ілгерілету
2017
5 қазан – «Astana Digital Forum»
4 қазан - Контент-маркет



6 қазан - Қазақстанның өңірлік БАҚ форумы
I қазақстандық Astana Media Week медиаапталығы - бұл еліміздің телеорталығы «Қазмедиа орталығы» алаңында өткізілетін Орталық Азия аумағындағы ең ірі медиа оқиға, кең ауқымды салалық іс-шаралар сериясы.
бұл медиа-контент өндірушілер мен тапсырыс берушілерге арналған үлкен шара. Контент-маркет аясында демо-баяндамалар, танымал медиа-тұлғалардың қатысуымен панельдік пікірталастар, танымал спикерлердің шеберлік-сыныптары өтті.
цифрлық маркетинг құралдарынан бастап криптовалюталар нарығын шолуға дейін - кең ауқымды мәселелер бойынша халықаралық деңгейдегі мамандардың баяндамаларына арналды.
Шара ұлттық БАҚ-тың баспасөз нарығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналды.
Медиаапталық жұмысына қазақстандық қатысушылардан басқа Орталық Азия, Ресей, Украина елдерінен шетелдік делегациялар, Қазақстандағы дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
БОЙЫНША
e-mail: org@astanamediaweek.kz
КОНТЕНТ-МАРКЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ
БОЙЫНША
e-mail: content@astanamediaweek.kz