AMW | Жаңалықтар

Юлия Гатитулина телехикаяның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте қалай көмектесетіні туралы.

2021-09-30 23:09
27 қыркүйекте жыл сайынғы «Astana Media Week» медиаапталығында «Украина» телеарнасының бағдарламалық директоры Юлия Гатитулина «Өткір әлеуметтік тақырыптарды түсіндіру ерекшеліктері» тақырыбында онлайн режимінде өз пікірін білдірді.

«Жоғары және жоғары емес көрермен санын қамтуға талаптанатын бірде-бір хабар таратушы әлеуметтік мәселелерді қозғамай, шетте қала алмайды. Рейтингтік сериялардың сюжетін немесе резонанстық бағдарламаның құрылымын қарағанда, жанр мен тоналдылыққа қарамастан, біз әрқашан әлеуметтік ауырсыну мен қақтығыстарға кезігеміз. Сонымен қатар, көрсетілген әлеуметтік ауырсыну аудиторияға неғұрлым өткір және жақын болса, теледидар өнімінің рейтингтік әлеуеті соғұрлым жоғары болады. Әлеуметтік ауырсынудың сәйкес келмеуіне байланысты, шетелдік контент көбінесе ұлттық контентке қарау бойынша ұтылады, егер сіз, әрине, сурет өзгертетін керемет технология көмегімен жасалған ірі блокбастерлерді ескермесеңіз.

Біз «Ержүректер» телехикаясын шығардық. Ол өмірден алынған шынайы оқиғаларға негізделген тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына сүйене отырып түсірілді. Жасыратыны жоқ, барлық қайғылы статистикаға қарамастан, бұл тақырыпқа біздің қоғамда тыйым салынған. Бізде әлі күнге дейін түрлі стереотиптер зор күшке ие. Зардап шеккендердің көпшілігі көмек сұрауға дайын емес, оны қалай жасау керектігін білмейді. Ия, бұл мәселемен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттар бар, оған назар аударуға дайын пікір көшбасшылары бар, бірақ көбінесе құрбандар көмек сұрауға болатындығын білмейді, оған сенбейді, мұндай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсінбейді. Міне, теледидарлық өнім арқылы біз адамдарға пайдалы ақпарат немесе құрбан рөлінен шығуға мүмкіндік беретін мінез-құлық үлгісін беруге тырыстық. Осы сериал бойынша «Украина» арнасы «Ла Страда-Украина» қоғамдық ұйымымен қызметтес болды. Әр серияда біз үйдегі зорлық-зомбылыққа қарсы нақты сенім телефонын бердік. Біз үшін сериалға рейтинг сандары түрінде ғана емес, көмек сұраған адамдар санының едәуір артуында нағыз нәтижеге жетуінің көрсеткіші деп санаймыз. Олардың көпшілігі бұл мүмкіндік туралы біздің жобадан білді» - деді Украина өкілі.

Дөңгелек үстел спикерлері қандай қорытындыға келгенін білу үшін сілтеме бойынша толық шығарылымды көруге кеңес береміз https://www.youtube.com/watch?v=HJVVqfoR6dw

Біздің YouTube-арнамызға және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз!