Astana Media Week-2021 екі күнде өтті. Оқиғалар онлайн және офлайн алаңдарда да өткізілді. Іс-шараға беделді әлемдік БАҚ топ-менеджерлері, мемлекеттік аппарат өкілдері, белгілі журналистер, документалистер мен блогерлер АҚШ, Австрия, Швейцария, Украина, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен қатысты.
Бірінші күні 10 іс-шара өтті. Интернет қолданушылары 27 қыркүйекте бірнеше дөңгелек үстелдер мен мастер-класстарға қосыла алды. Барлық іс-шаралар аралас форматта өтті және тікелей эфир режимінде медиаапталықтың astanamediaweek.kz ресми сайтында көрсетілді. Бірінші күнгі іс-шараларға Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Украинадан 35 спикер қатысты.
Медиаапталықтың алғашқы ірі оқиғасы «Өткір әлеуметтік тақырыптарды түсіндіру ерекшеліктері» дөңгелек үстелі болды. Талқылау үшін мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ саласының және блогосфера өкілдері жиналды. Трансляцияны көруге 1069 көрермен қосылды.
«Медианы дамыту стратегиялары» онлайн-конференциясы Қазақстан, Қырғызстан және Ресей сарапшыларының пікірлерін біріктірді. Іс-шараға қатысушылар-ірі медиаресурстардың басшылары БАҚ-ты трансформациялау қажеттілігі, объективті және тексерілген деректерді тарату жүйесін жаңғырту туралы айтты. Сессияны көруге 1698 көрермен қосылды.
Онлайн режимде Astana Media Week-2021 медиаапталығының ең көп қаралған оқиғаларының бірі – «Деректі кино: тәжірибесі мен болашағы» дөңгелек үстелі өтті. Мұнда түрлі елдердің, көзқарастар мен ұрпақтардың өкілдері жиналды. Кездесуге документалистер, телеарналар мен мейджор-студиялардың басшылары, Қырғызстан, Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ шенеуніктері қатысты. Іс-шара 1356 бірегей қаралымға ие болды.
«Қазақ тілді баспалардың болашағы» атты пікірталасқа толы дөңгелек үстел 469 рет қаралды. Рейтингтер, жеке тұлғалар және баспа БАҚ-тың жаңа көкжиектері – іс-шараның тақырыптары болды. Диалогқа шенеуніктер, республикалық басылымдардың басшылары, журналистер қосылды.
Іс-шара бағдарламасына теле-, радиобағдарламаларды жасауда жетекші мамандардан, жаңалықтар редакцияларының, баспасөз қызметтерінің басшыларынан, блогерлерден мастер-класстар топтамасы енгізілді. Оқыту контенті бөлігінде хедлайнері болып бизнес тренер, ТМД спикерлер қауымдастығының президенті Радислав Гандапас сөз сөйледі.
Екінші күн «ҚР Тәуелсіздік кезеңінде БАҚ-тың қалыптасуы» дөңгелек үстелімен басталды. Қазақстандық телевизияның дамуы, журналистер одағының құрылуы, кадрларды даярлау мәселелері туралы журналистиканың бастауында тұрған адамдар айтып берді. Таңғы трансляцияға 784 көрермен қосылды.
Кейінірек жоғары халықаралық деңгейдегі оқиға – «Жаңа, ковидтан кейінгі әлемдегі қоғам және БАҚ» атты панельдік пікірталас өтті. Оған үш елдің сарапшылары қатысты: Қазақстан, Швейцария, Австрия. Панельдік пікірталасқа қатысушылар осы күндері қоғамның қалай өзгеретіні және осы өзгерістердің призмасы арқылы қазіргі заманғы БАҚ қандай болуы керектігі туралы өз көзқарастарын білдірді. Ең жақсы қаралымдардың бірі –1574 бірегей көрермен.
«ҚР жарнамалық медиа-нарығы: ағымдағы жағдай, даму болашағы, мәселелер мен шешімдер» дөңгелек үстелі аясында сарапшылар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша жарнамалық медиа нарықтағы ағымдағы жағдаймен бөлісті. Онлайн трансляцияны 1248 адам қарады.
Алғаш рет «AMW» барысында Formats day оқиғасы өтті, онда «Fremantle» телевизиялық контентінің еуропалық дистрибьюторы, «Sony Pictures» фильмдері мен телевизиялық бағдарламаларының өндірушісі және дистрибьюторы, «NBC/Universal» американдық масс-медиа компаниясы, «Global Agency» өкілдері өздерінің үздік өнімдерінің тұсаукесерін өткізді. Formats day қатысушылары бейне контенттің жетекші өндірушілерінің серіктестері болуға мүмкіндік алды. Қаралымдар статистикасы – 1174 адам.
Astana Media Week-2021 аясында «Біз біргеміз!» әлеуметтік бейнероликтер сценарийлері питчингі өтті. Іс-шараны «Хабар» Агенттігі» АҚ ұйымдастырды. Жобаға оннан астам қазақстандық продюсерлер мен сценаристер қатысты. Барлығы 20 сценарий ұсынылды, бірақ тек 9 қатысушы іріктеу кезеңінен өтіп, өз идеяларын ұсынды.
Питчинг нәтижелері бойынша Айнұр Асылбекқызы «Отбасылық құндылықтар» санатында жеңімпаз болып жарияланды. «Экология» санатында ең Үздік сценарист болып Лимара Бектұрғанова атанды. «Қаржылық сауаттылық» тақырыбы бойынша жеңімпаз – Сүлеймен Нұрдәулет. Осы сценарийлер бойынша дайын бейнероликтерді «Хабар» және «Хабар 24» телеарналары көрсететін болады.
«Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған питчинг барысында болашақ сериалдардың сценарийлері талқыланды. Мұнда отандық продакшн-студиялардың өкілдері 2022 жылға арналған жаңа сериалдар үшін идеялар мен ұсыныстар ұсынды. Astana Media Week-2021 аясында өтіп жатқан байқауға 21 компания өтінім берді. Телевизиялық жұмыстар Қазақстанның тарихи қайраткерлеріне, ата-бабаларымыздың тарихи мұрасын, ауыл өмірін насихаттауға, еліміздің рухани астанасы – Түркістанға, Отанына оралған отандастарға, құтқарушыларға, спортты, халық кәсіпшілігін, ұлттық және отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған.
Алғашқы жылдары «AMW» офлайн форматта өткізілді. Ол кезде қатысушылардың ең көп саны шамамен 500 адамды құрайтын. Соңғы екі жылда карантиндік шектеулерге байланысты іс-шара онлайн форматта өткізілген болатын. Жаңа техникалық мүмкіндіктер енгізілуі аудиторияны қамтуды едәуір арттыруға мүмкіндік берді.
Екі күн ішінде «Astana Media Week-2021» трансляциясын 10 мыңнан астам адам тамашалады. Көрсетілімдерге Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, АҚШ, Түркия, Беларусь, Ирландия, БАӘ, Франция, Испания, Грузия, Чехия, Эстония елдерінің пайдаланушылары қосылды. 25-34 жастағы аудитория көпшілікке ие болды - 49%. Медиаапталықта онлайн және офлайн режимінде Қазақстан, Швейцария, Австрия, Қырғызстан, АҚШ, Ұлыбритания, Ресейден 70 спикер қатысты. Шеберлік сабақтарын 12 автор ұсынды.
Әрине, коммуникациялардың тиімділігі тұрғысынан медиа қауымдастыққа қатысушылардың мұндай шараларды офлайн режимде өткізуге үлкен қызығушылығы бар.
Astana Media Week-2021 барлық шығарылымдары біздің YouTube-арнамызда қолжетімді https://www.youtube.com/channel/UCrZkSwkeFxFLkcLjJjfxapQ/videos