AMW | Жаңалықтар

Ерлан Саиров интернеттегі буллинг туралы!

27 қыркүйекте жыл сайынғы «Astana Media Week» медиаапталығында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров «Өткір әлеуметтік тақырыптарды түсіндіру ерекшеліктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелде өз пікірін білдірді

«Бүгінгі таңда барлық әлеуметтік платформалар Қазақстандағы табиғи монополистер болып табылады. Газбен жабдықтауда, не электрмен жабдықтауда секілді олар заңмен реттелуі керек. Бүгінгі таңда бұл біздің еліміздің қоғамдық өмірінің бірінші аспектісі. Неліктен біз былай істеуіміз керек? Себебі демократиямен, бостандықпен, плюрализммен бірге әлеуметтік желілерге, өкінішке орай, зорлық-зомбылық, буллинг, қатыгездік, әсіресе балаларға қатысты қатыгездік енуде» - деді Саиров.

Дөңгелек үстел спикерлері қандай қорытындыға келгенін білу үшін сілтеме бойынша толық шығарылымды көруге кеңес береміз https://www.youtube.com/watch?v=HJVVqfoR6dw

Біздің YouTube-арнамызға және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз!