Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі
ПИТЧИНГ
ASTANA MEDIA WEEK
ASTANA MEDIA WEEK
27-28 ҚЫРКҮЙЕК 2021
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ЖАҢА ТЕЛЕХИКАЯЛАР ИДЕЯСЫНА ТАЛҚЫЛАУ ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ
Өтетін уақыты:2021 жылдың 10 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығы
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Көркемдік кеңес мүшелері ASTANA MEDIA WEEK медиаапталығы аясында продакшн компаниялармен кездесіп, 2022 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстар қабылдауға әзір. Егер телехикая өндірісіне үлес қосқыңыз келсе, тың идеяларыңыз бен өнім өндіруге мүмкіндігініңіз болса, 27 қыркүйек, сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазмедиа» орталығында өтетін кездесуге шақырамыз.
Бұған дейін Корпорация 2022 жылға арналған сериалдар жобасына ұсыныстар қабылдау туралы байқау жариялаған болатын. 10 тамызда басталған байқау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Ал ASTANA MEDIA WEEK аясында жобаңызды Корпорацияның Көркемдік кеңесі мүшелеріне таныстырып, қорғауға мүмкіндігіңіз бар.